Шымкент тұрғыны танымайтын адамға 17 млн теңгесін аударып жіберген
2022 жылғы 4 шілде 11:18

Шымкент тұрғыны танымайтын адамға 17 млн теңгесін аударып жіберген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте алаяқтықтың жаңа түрі анықталды. Қала тұрғыны Facebook әлеуметтік желісіндегі танымайтын адамға 17 миллион теңгесін аударып жіберген, жеп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленуші халықаралық компанияның атынан жіберілген сілтемеге кіріп, қомақты қаржысынан айрылғанын көрсеткен.

«Биржа нарығында ақшаңды көбейтіп беремін» деп айтқан белгісіз адамның сөзіне сеніп, 17 миллион теңгеден астам ақшасын «Meta Trader 4» бағдарламасы арқылы салып жіберген.

«Аталған жайт ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Өз кезегінде полиция қызметкерлері алаяқтың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамға сенбеуді, оның арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Сондай-ақ, өзге адамдарға ақша аудармауға және жеке мәліметтерді бермеуге кеңес береді», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктілерді іздестіріп жатыр.


Фото: www.pcipal.com

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT