Шымкент тұрғыны Киевтегі әуежайда қыз баланы құтқарып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының тұрғыны Алексей Кудиенко Киевтегі әуежайда кішкентай қыз баланы өлімнен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Украина астанасындағы оқыс оқиға жайлы алматылық тұрғын Мехирбан Бакиева өзінің фейсбук парақшасында жазды.

«Батырлар арамызда жүр. Киевтегі әуежайда көз алдымызда қайғылы жағдай орын ала жаздады. Әуежайда кішкене қыз бала талып, демала алмай жерге құлап қалды. Бәрі оның маңайына жинала қалған еді. Әуре-сарсаңда сол жердегілердің бірі дәрігерлерге қоңырау шалып жатса, екіншісі әуежай қызметкерлері шақыруға жүгіріп кеткен еді. Ал қыз баланың жағдайы тіпті күрделене түсіп, тіптен демала алмай жатқан еді», - деп жазады алматылық тұрғын.

Оның жазуынша, дәрігерлер тез келе қоймаған.

«Кенет қыз балаға бір жігіт жүгіріп келіп, ем жасады. Адамдар тобы бір уақыт үнсіз қалып еді. Кенеттен қыз бала терең дем алып, жөтеле бастады. Бәріміз қуанып, біріміз шапалақтап, біріміз көзіміздің жасын сүртіп жатырмыз. Мен де жыладым. Бір уақытта қатты үрейленіп, қатты қуандық. Жігітке жақындағанымда ол да жылап тұрғанын көрдім. Қолы дірілеп тұр еді», - дейді ол.

Белгілі болғандай, қыз баланы Шымкент қаласының тұрғыны Алексей Кудиенко құтқарып алған екен.

«Біршама уақыттан кейін оқиға орнына дәрігерлер келді. Қыз баланың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ болып шықты. Біздің елімізде батырлар тұратынын бәрі білсе деймін. Шымкенттіктер, Сіздердің қалаларыңызда нағыз батыр бар. Таныс болсаңыздар, міндетті түрде құрмет көрсетіңіздер. Ол мен үшін батыр. Рахмет саған жақсы адам», - деп жазады Мехрибан.

Соңғы жаңалықтар