Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 21 °С
Алматы: 28 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Шымкент тұрғыны дәрі-дәрмектерді көшеде сатқан

2017 жылғы 17 қыркүйек 12:35 1180
Бөлісіңіз:
Шымкент тұрғыны дәрі-дәрмектерді көшеде сатқан

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дәрі-дәрмектерді көшеде сатқан тұрғынға жарты миллион теңгедей айыппұл төлейтін болды. Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты заңсыз сауда жасаған азаматқа қатысты әкімшілік шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң бұзушы елімізде  тіркелмеген «Церобролизин», «Стрептоцид» және «Мукалтин-Лек Т» дәрілік препараттарын заңсыз айналымға салғаны анықталды. Осыған орай  Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты бұл азаматты КҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462- бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 453 800 тенге айыппұл салынған.

Сондай-ақ фармацевтикалық кәсібіне 20 тәулікке тыйым салынып, тәркіленген «Церобролизин», «Стрептоцид» және «Мукалтин-Лек Т» дәрілік препараттары жойылған.

 

 


Бөлісіңіз:

Аударма:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат