Шымкент тұрғыны битум құйылған бөшкеге батып кетті

None
Still image
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғыны битум құйылған бөшкеге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-нің аумағында болды.

Мұнда ер адам битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткен.

«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, алпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін шығарып алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.



Қазіргі кезде полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы мәйітке сараптама жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыда достарымен бірге тауға шыққан турист жоғалып кетті.

Соңғы жаңалықтар