Шымкент тұрғыны бал ыдысына 6 телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болды

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік тұрғын бал құйылған ыдысқа телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазасын өтеушілерге жеткізілген сәлемдемелерді тексеру кезінде бал құйылған ыдыс түбінен 3 жаңа ұялы телефон мен сим-карталар табылған. Сондай-ақ жедел уәкілдер екінші ыдыстан тағы 3 телефон мен сим-карталар тапқан.

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шақыртылып, материалдар Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

25 жастағы күдіктіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға, тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) 10 АЕК (34500 теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін.

«Мұндай «тосынсыйлары» бар сәлемдемелер қылмыстық жазаны орындайтын жүйе үшін сирек құбылыс емес. Алайда, кейбір азаматтардың тапқырлығы таңғалдырады», -дейді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Аслан Оразаметов.


Фото: Шымкент қаласы жәнк Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті




Соңғы жаңалықтар