Шымкент тұрғындарын толықтай табиғи газбен қамту жоспарланып отыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы тұрғындарын толықтай табиғи газбен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен болған баспасөз мәлихатында қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі орынбасарының сөзінше, бұл көрсеткішке 2021 жылы шаһардағы үшінші АГРС-ті іске қосудың нәтижесінде жету жоспарланған. Қазір бұл нысанның құрылысы салынуда. Ал, аталмыш нысан іске қосылғанға дейін табиғи газбен қамтылмаған тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен бірқатар жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, көршілес Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа елді мекенінен 25 мың м3/сағ газ алуға мүмкіндік беретін газ құбырының құрылысы (7,5км) бойынша ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, Шымкентте алдағы үш жылда қала тұрғындарын табиғи газбен қамту деңгейі 92,1 пайыздан 96,0 пайызға жетеді деп күтілуде. Сала басшыларының айтуынша, 2020 жылы қаланың қолданыстағы газ жүйесінің қысымын көтеру қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар