Шымкент тұрғындары азық-түлік бағасына бақылау жүргізе алады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Азық- түлік бағасы шекті межеден асса Шымкент тұрғындары тікелей желі арқылы шағым түсіре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірде тікелей телефон желісі жұмыс істеп тұр.

Кез келген тұрғын 24-75-41 телефон нөміріне хабарласып, дүкендердегі баға өсімі бойынша айтып, арыздануға болады.

Ал, түскен шағым бойынша тиісті мекемелер дүкен иелеріне шара қолданады.

«Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 204 бабы 4-тармақшасында сауда үстемесі 15 пайыздан артқан жағдайда әкімшілік шара көру көзделген. Бұл баптың негізінде алдымен ескерту шаралары жүргізіледі», - дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қайрат Базарбеков.

Бөлім басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Шымкентте азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ.

Қордағы азық-түлік тауарлары жеткілікті.

Ал, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары «GRA-MAD» және «Магнум» ірі сауда желілерінде белгіленген бағада сатылуда.

Мәселен, нан 80 теңге болса, бірінші сортты бидай ұнының келісі 170 теңгеден сатылып жатыр. Макарон өнімі 193 теңгеден болса, сәбіз 148 теңге.

Қаладағы баға тұрақтылығын қадағалау бойынша құрылған мониторинг тобы жиі жиі дүкендерді аралап, баға тұрақтылығын бақылап отыр.



Соңғы жаңалықтар