Шымкент теміржол вокзалы сенімгерлік басқаруға берілмек

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент вокзалы 10 жылға сенімгерлік басқаруға берілмек. Осыған қатысты лот gosreestr.kz электрондық сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық түрі – сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру. Тендерге қатысушылар алдын ала 3 472 776,00 кепілдік жарна төлеуі тиіс. Өтінім қабылдау 2 тамыз күні тоқтатылады. Ал сауда-саттық сол күні сағат 10:00 басталады.

Тендерлік (конкурстық) шарт талабына сәйкес сенімгерлік басқаруға алатын тұлға теміржол вокзалының қызметін сақтауы тиіс. Қолданыстағы жұмыс орындарын сақтап, қажет болған жағдайда ҚР заңнамасының нормаларына сәйкес жаңа жұмыс орындарын құруы керек. Берілген мүліктің тиісінше пайдаланылуын, ұсталуын және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сондайақ жолаушыларды өткізу қабілетін 2 мың адамнан 6 мыңға дейін ұлғайту, вокзал ғимаратын жөндеу міндеті қойылған. Бұдан бөлек, 2027 – 2032 жылдар аралығында жыл сайын кемінде 50 млн теңге көлемінде инвестицияның келуін қамтамасыз ету мақсат етілген.


Соңғы жаңалықтар