Шымкент-Тараз тасжолында тұрып қалған көліктер өткізіле бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент-Тараз бағытында ауа райына байланысты тұрып қалған көліктер өткізіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

«Шымкент-Тараз бағытында арнайы техниканың және жергілікті полицияның сүйемелдеуімен көлік құралдарын өткізу жұмыстары басталды. Жол қызметтері қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жалғастыруда»,- делінген хабарламада.


Айта кетсек бүгін Жамбыл ауданында «Алматы-Термез-Ташкент» тасжолының учаскесі жабылып (534-593 км), 150 жеңіл көлік пен 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы тоқтатылды.

Жамбыл ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.

Жамбыл облысындағы боранға байланысты жедел желі іске қосылды.
Соңғы жаңалықтар