Шымкент сыра зауытының аумағында өрт болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Шымкентсыра» зауытының аумағында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлер өртті видеоға түсіріп алған. Төтенше жағдайлар комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша, ескі ағаш шпалдар мен арнайы ыдыстарда ұзақ уақыт бойы тұрып қалған май жанған.

«Май жағылған ескі шпалдардың 5 текше метрі мен пайдаланылған май құйылған 5 ыдыс жанды. Өрт сағат 15-05-те ауыздықталып, 15-48-де сөндірілді. Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Жалын шарпыған аймақ 225 шаршы метрді құрады»,-деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

nullӨртті сөндіруге 56 өрт сөндіруші мен 9 техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар