+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Шымкент соттарында Президент Жолдауын түсіндіру жұмысы жүргізілуде

2019 жылғы 23 желтоқсан 20:36
Бөлісіңіз:
Шымкент соттарында Президент Жолдауын түсіндіру жұмысы жүргізілуде

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының сот жүйесіне қатысты бағытын ақпараттық-түсіндіру мақсатында Шымкент қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттарда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың мәліметінше, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары Жолдауды түсіндіру бойынша жергілікті тұрғындармен, оқу орындарының басшыларымен, студенттермен және мектеп ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманберді Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті студенттерінің қатысуымен пресс-тур және «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Еңбекші ауданы Жұлдыз аумақтық округінде аудандық соттың татуластырушы судьясы Қ.Избасаров «Жолдауға қолдау» тақырыбында аудан әкімі мен прокуратура және қалалық әкімдік өкілдерінің қатысуымен халықпен кездесті.

Ал, Абай ауданында орналасқан № 4 колледжде аудандық соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судья И.Гаврикова мен БАҚ жұмысына жауапты маман Б.Малікова барып, колледж басшылығымен және студенттермен кездесу өткізді.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Бекназаров М.Сапарбаев атындағы Түркістан облысының Гуманитарлық институтында «Соттарда жұмыстың заманауи форматтарын және соттардың жаңа электронды сервистерін таныстыру» тақырыбы бойынша заң факультетінің студенттерімен кездесті. Әл-Фараби аудандық сотының ұйымдастырған «Ашық есік күніне» «Мирас» университетінің студенттері келіп, аудандық соттың ғимаратын аралап көрді.

Сот төрағасы Н.Жексембиев оларға сот отырыстарын өткізу тәртібі туралы әңгімелеп берді.

Осындай он кездесудің барысында судьялар Жолдаудың сот жүйесіне қатысты бағытын жан-жақты айтып түсіндірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT