Шымкент шенеуніктерінің жалақысы өседі - әкім

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент әкімдігі қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі, деп мәлімдеді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Ғабидолла Әбдірахымов әріптестері мен қоластындағыларды кәсіби мерекелерімен - Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады. Ол Шымкентті дамыту үшін бірігіп күш салуға шақырды.

«Жаңа мәртебе - үлкен мүмкіндіктер ғана емес, ең алдымен - барлық қала тұрғындарының мойнына артылған үлкен жауапкершілік. Тек бірігіп қана Шымкентті жаңа деңгейге көтере аламыз. Біздің міндетіміз - Шымкентті Алматы мен Астана деңгейіне жеткізу. Барлығымыз бір отбасы сияқты жұмыс істесек, қолымыздан келеді деп сенемін», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Сондай-ақ, ол қаланың жаңа мәртебеге ие болуына байланысты әкімдік қызметкерлерінің жалақысының жоғарылайтынын хабарлады.

«Бұл жаңалық Сіздердің жанұяларыңызды қуантады деп ойлаймын. Басқармалар құрылғаннан кейін байқау жариялаймыз. Кез келген қызметке жарияланған барлық байқауларға қатысыңыздар. Біз жұмысқа үздіктердің үздігін алуға дайынбыз», - деді Ғабидолла Әбдрахимов.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шымкент басшысы кәсіби мерекеге орай ведомствоның барлық қызметкерлеріне сыйақы төлеу туралы бұйрыққа қол қойған.

Соңғы жаңалықтар