Шымкент-Сарыағаш бағытында жолаушылар автобусы жүк көлігіне соғылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Шымкенттен Сарыағашқа бет алған жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты. Көліп апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, тағы 10 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Көлік апаты 12 тамызда шамамен 17 сағат  30 минутта Алматы-Ташкент-Термез тасжолында болған.  Өзбекстан азаматы оқиға орнында көз жұмды.Сондай-ақ, ЖКО-нан 10 адам зардап шеккен, олар автобустың жүргізушісі мен жолаушылары, үшеуі Қазақстан азаматы ал жетеуі Өзбекстан азаматтары. Олар Түркістан облысындағы Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталған жайт бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар