Шымкент полицейлері өзін өлтірмек болған жас қызды құтқарып қалды

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Шымкенттегі мамандандырылған күзет қызметінің полицейлері өзін өлтірмек болған жас қызды құтқарып қалды. Бойжеткен өмірімен қоштасу үшін жардан суға секірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Түркістан облысының Шардара ауданында болған.

«Күндізгі сағат 15:50 шамасында кезекші бөлімге жергілікті тұрғындар хабарласып, жас қыздың жардан секіргелі жатқанын айтқан. Осы кезде Шардара қаласына іссапармен келген Шымкент қалалық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Кеңес Ерімбетов пен әріптесі Әбдірашит Сержан Шардара су қоймасынан 500 метр қашықтықта ағып бара жатқан адамды көріп қалған. Осы жағдайды көрген полицейлер дереу суға секіріп, қызды құтқарған» делінген хабарламада.null

Адам өмірін құтқарып қалған тәртіп сақшылары орнымызда кім болса да, осылай істейтін еді дейді.

«Екеуміз жардың жанынан айналып суға түсіп, қызға құтқару киімін кигіздік. Оны судың таяз жеріне алып шықтым. Сол кезде бекеттегі полиция қызметкерлері медицина қызметкерлері мен жергілікті полицияны, төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырып қойған екен. Олар уақытылы келіп, алғашқы көмек көрсетті», - дейді полиция капитаны Кеңес Ерімбетов.

Полицейлер жас қызға медициналық және психологиялық көмек көрсеткен. Кейіннен жас қыздың Шардара ауданының тұрғыны екені анықталды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 105-бабымен іс қозғалып, алдын ала тергеу тізіліміне тіркелген. Қазір бойжеткеннің не үшін мұндай әрекетке барғаны тексеріліп жатыр.

null

null

Соңғы жаңалықтар