+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Шымкент полицейлері мереке қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс істеуде

2019 жылғы 12 желтоқсан 15:51
Бөлісіңіз:
Шымкент полицейлері мереке қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс істеуде

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орында және көшелерде қылмысқа қарсы күресті күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада полицияға көмек көрсеткен 500-ге жуық азамат марапатталды СҚО полицейлері 7 адамды өртеніп жатқан үйден алып шықты Қостанай облысында жол апатында полиция қызметкері қаза тапты

Тәртіп сақшылары мереке күндері қарсаңында түрлі құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Үшінші мегаполистің полицейлері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында айтылған азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын тұрақты түрде назарға алып, жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында бірқатар рейд ұйымдастырып, азаматтардың еркін жүріп тұруына жағдай жасауда.

Желтоқсанның 9-шы жұлдызынан бастау алған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ізін суытпай 115 қылмыс ашылды. Оның ішінде бұрын жасалған 5 қылмыс, тыйым салынған заттарды ұстап жүру бойынша 7 жайт тіркеліп отыр. Сондай-ақ, 1296 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ұсақ бұзақылық жасаған 202 адам жазаланды. Бұл қылмыстар ішінде 413 - спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас болып жүру, 6 - қарсы бағытқа шығу, 531 - көші-қон заңнамасын бұзу болып отыр.

Бұдан бөлек, жалға берілетін 268 пәтер тексеріліп, оның ішінде салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 268 жайты анықталған. Қабылдап-тарату орындарына - 10 адам, ал уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына - 72 азамат жеткізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT