Шымкент полицейлері хабар-ошарсыз кеткен екі баланы тауып алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Наурыз күндері Шымкент полицейлері бір отбасының хабар-ошарсыз кеткен екі баласын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірі 15, екіншісі 13 жастағы ағалы-інілі екеу ата-анасының рұқсатынсыз қызық қуып, бірнеше шақырым жол жаяу жүріп қалаға кетіп қалған. Оларды сонда Қаратау полиция бөлімінің қызметкерлері тауып алып, үйіне қайтарды.

«Балаларымды тауып бергеніне көп алғыс. Мереке болуына қарамастан, полиция да, адамдар да оларды іздеуге атсалысты. Бастысы, барлығы сау-саламат болсын, ешкім жоғалмасын», - дейді балалардың анасы.


Сайра Амантаева

Соңғы жаңалықтар