+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Шымкент полицейлері 5-қабаттан секіріп өлмек болған баланы райынан қайтарды

2021 жылғы 29 қыркүйек 20:48
Бөлісіңіз:
Шымкент полицейлері 5-қабаттан секіріп өлмек болған баланы райынан қайтарды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған жасөсіпірімді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда көлік полицейі суицидтің алдын алды Шымкентте жігітімен ұрсып қалған бойжеткен көпірден секіріп өлмек болды Министр Тұрғымбаев әйелді суицидтен құтқарған полицейлерді медальмен марапаттады

Шымкент қаласы полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің «Жаңа шахар» стационарлық полиция бекетіне жергілікті тұрғын көмек сұрап келген.

Тұрғынның айтуынша, ол көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан бейтаныс жасөспірімнің өзіне қол жұмсамақ болып, шатырда отырғанын көрген.

Аталған жайт 28 қыркүйек күні сағат 13:20 шамасында болған.

Бұл жағдайға бей-жай қарамаған тәртіп сақшылары дер кезінде оқиға орнына жетіп, шатырда отырған жасөспірімді сөзге тартып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асырды.

Осы оқиға полицейдің бейнежетонына жазылған.

Сондай-ақ полицейлер жасөспірімнің өмірін сақтап қалумен қатар, дәрігерлер мен психологты шақыртып, қажетті шараларды қабылдады.

Жедел іс-әрекеттің нәтижесінде жасөспірімнің өмірін арашалап қалған полиция қызметкерлеріне жасөспірімнің ата-анасы және жергілікті тұрғындар алғысын жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT