Шымкент пен Түркістанда қатты жел тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі қаласы мен екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

17 ақпанда Шымкент қаласында күннің екінші жартысында қатты жауын-шашын болады. Оңтүстік батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын қатты жел тұрады. Күндіз жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Осы күні Түркістан қаласында оңтүстік батыстан ызғырық жел соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с болып, күндіз 25 м/с дейін қатаяды.

17 ақпан күні Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік- батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтау қаласында түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік- батыстан соғатын желдің күші 15-18 м/с болуы мүмкін.

Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.

Соңғы жаңалықтар