Шымкент пен Нұр-Сұлтандағы су үнемдеу тәсілін басқа өңірлерге тарату керек – Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин сумен жабдықтау саласына автоматтандыру және инновациялық технологияларды енгізу қарқынын арттыруды тапсырды. Бұл тұрғындардың елеулі қаражатын үнемдеп, су шығыны мен қызмет көрсету шығындарын азайтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің алдымызда 2025 жылдың соңына дейін халықты таза ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндеті тұр. Оны шешу жолдары Nur Otan партиясының бағдарламасы мен өңірлерді дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында көзделген. Осы жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда – 91,8%, қалаларда – 98% болады. Қалған ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады», - деді Асқар Мамин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Үкімет басшысы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері төмен өңірлер жұмысты жандандырып, келесі жылы орташа республикалық деңгейге қол жеткізуі керегін айтты. Әсіресе Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары аталды.

«Бұл ретте елді мекендер ішінде сумен жабдықтау жобалары топтық су құбырларының инфрақұрылымын салу жоспарларымен бір уақытта жүргізілуі тиіс. Әкімдіктер ауылдарды сумен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы әзірлеу жұмыстарын жандандырсын.

Саланы автоматтандыру және инновациялық технологияларды енгізу қарқынын арттыру қажет. Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында өндірістік процестерді автоматтандыру және есептеу аспаптарын орнату есебінен тұрғындардың елеулі қаражаты үнемделіп, су шығыны мен қызмет көрсету шығындары азайды. Осындай тәсілдерді елдің басқа өңірлерінде де қолдану қажет», - деді Премьер-министр.


Соңғы жаңалықтар