Шымкент педагогтері Білім министріне бірқатар ұсыныс білдірді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шымкентке жұмыс сапары барысында білім беру ұйымдарының педагогтерімен және оқытушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктен мәлім еткендей , А.Аймағамбетов мегаполистегі №1 мектеп-гимназияда, Жол-көлік колледжінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып қайтты.

Кездесу барысында мұғалімдер мен мектеп директорлары, колледж оқытушылары, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы министрге өз сұрақтарын қойған. Атап айтқанда, педагогтер мектеп директорларын тағайындауға, ротация институтын енгізуге қатысты ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдау, оқулықтарды әзірлеу барысында қойылатын талаптарды заңнамалық деңгейде күшейту қажеттігі айтылды.

Жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері де назардан тыс қалмаған.

«Асхат Аймағамбетов педагогтер мен оқытушыларға министрлік атқарып жатқан негізгі жұмыстар бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың орындалуы туралы кеңінен тоқталып, қабылданған жаңа нормативтік-құқықтық актілер мен білім беру мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістер туралы айтты.

БҒМ басшысы колледждердің академиялық еркіндігі, педагогтердің құқықтарын қорғау және оларды міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға жол бермеу мәселелеріне жеке тоқталып өтті», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар