Шымкент: Парламент Сенатының депутаттығынан үміткерлер анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 36-шы сессиясы өтті. Сессияға қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласы сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелері, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

 1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне кандидат ұсыну туралы.

 2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне кандидат ұсыну туралы.

nullСессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 29 депутаты бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, ОҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдыны кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады.

 Сессияның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 29 депутаты Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Шымкент қаласының мәслихатын 20 жылдай басқарған мәслихат хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаровты кандидат ретінде ұсыну туралы бірауыздан шешім қабылдады.

 Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына сайлау 2018 жылғы 5 қазанда өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар