Шымкент өз мүмкіндігімен ары қарай дамуға қауқарлы - Азат Перуашев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа облыс орталығының құрылуы оңтүстік өңірдің дамуына ерекше әсер етеді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге депутат Азат Перуашев, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кешегі тарихи шешіммен барша Қазақстан халқын құттықтаймын! Бұл өз кезегінде еліміз үшін үлкен қуаныш. Расында да, бұл бағыттағы қадамдар оңтүстік өңіріміздің дамуына ерекше әсер етеді деп сенімдімін. Егер де Шымкент қаласына тоқталатын болсақ, тұрғындар саны миллионға жеткен мегаполистер өз мүмкіндіктеріне сүйеніп, ары қарай дамуға қауқарлы болады. Оған ешқандай күмән жоқ. Мұндай шаһарлар әкімшілік әрі саяси қолдаусыз да өзін-өзі қамтамасыз ете алады», - деп тоқталды Азат Перуашев.

Осы орайда депутат  Елбасының 19 маусымда қол қойған Жарлығы өте жүйелі әрі қажетті шешім екенін атап өтті.

«Түркістан біздің рухани орталығымыз деп айтуға болады. Бұл қалаға саяси мағына беріп, оны жаңа дәрежеге көтеру арқылы осы өңірдің тұрғындарына үлкен табыс болады деп білеміз. Мұнымен қоса, Түркістан облысының пайда болуы дүниежүзіндегі түркі халықтары арасында Қазақстанның рөлін, орнын жаңа белеске шығарады деп сенемін»,- деп түйді А. Перуашев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының пайда болуына байланысты пікір білдірді.

Сонымен қатар, Президент жаңа облыс орталығының құрылуына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Соңғы жаңалықтар