Шымкент Орталық Азияның дамуына да жол ашатын болады -сингапурлық тілші

None
None
БЕЙЖІҢ-СИНГАПУР. ҚазАқпарат - Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуі шаһардың инновациялық және интеллектуалдық шешімдер орталығына айналуына ықпал етеді.

Сондай-ақ ол тек Қазақстанның ғана емес бүкіл Орталық Азияның экономикалық тұрғыдан дамуына септігін тигізеді. Бұл пікірді сингапурлық баспасөз клубының құрметті хатшысы Сантош Кумар білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы тілшісі.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шымкентке ресубликалық деңгейдегі қала мәртебесін беру жөніндегі шешімі маңызды қадам. Мен Шымкентте екі рет болдым. Бұл қала халқы өте қонақжай әрі бауырмал. Онда мейірімді де жарқын мінезді, түрлі идеяларды қолдауға дайын білімді азаматтар тұрады. Өз кезегінде бұл қалаға инвестиция тарту ісін жеңілдетіп, шаһарды инновациялық және интеллектуалды шешімдердің орталығына айналдыруға ықпал етеді»,-деді ол.

С.Кумардың сөзінше, Шымкент Оңтүстік Қазақстанның дамуына жол ашатын қақпа іспеттес. Қаланың аумағы да үлкен, инфрақұрылымы да жақсы.Онда Қазақстанмен қатар бүкіл Орталық Азия аймағының экономикалық дамуына ықпал ететін алатын үлкен әлеует бар.

Соңғы жаңалықтар