Шымкент мұнай өңдеу зауытында 15 наурызда жөндеу жұмысы басталады

None
Фото: petrosynthesis
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкент мұнай өңдеу зауыты бір айға жуық жоспарлы жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық жабдықтар мен құбырларды, энергетикалық жабдықтарды, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін және бақылау-өлшеу құралдарын куәландыру үшін мұнай өңдеу зауыттарына жоспарлы түрде алдын ала жөндеу жүргізу талап етіледі.

«2022 жылғы желтоқсанда бекітілген кестеге сәйкес, Шымкент мұнай өңдеу зауытына биыл 15 наурыз бен 9 сәуір аралығында жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары жабдықтың жұмыс қабілеттілігі мен оның жекелеген бөліктерін ауыстыруды, қалпына келтіру және оларды реттей отырып, қамтамасыз етуді көздейді», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар