Шымкент құтқарушылары бегемотқа көмек көрсетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қалалық хайуанаттар бағының әкімшілігі Шымкент қаласы ТЖД «112» құтқару қызметіне хабарласып, бегемотқа көмек қажет екенін айтты. Оның төменгі азу тістері өсіп кеткендіктен, тамақтануы қиындай түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зообақ басшылығының рұқсатымен альпинист құрал-жабдықтарының көмегімен жануардың жақ сүйегін керіп, гидравлика кескішті қолдана отырып, кедергі келтірген тістерді кесіп тастады. Енді салмағы 3,5 тоннадан асатын гипоппотам ұзақ емдеу курсынан өтпек», делінген хабарламада.

Айта кетейік, хайуанаттар бағының басшылығы 2019 жылы да құтқарушыларға осындай өтініш жасаған болатын.

Ол кезде Тұрсын лақап атымен танымал гиппопотамның азу тістері өсіп тұмсығына кіріп кеткен болатын.





Соңғы жаңалықтар