Шымкент көшелерінде 1 млн жуық голландық қызғалдақ өсіп тұр

None
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің символына айналған қызғалдақтар бүгінде бүр жарып, қаланың көркін айшықтай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент көшелеріне егілген қызғалдақтар гүлдеп, қала тұрғындары мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

Бір ғана әл-Фараби ауданы аумағында биыл қызғалдақтың 300 000-нан астам дәні егілген.

Ал, Қаратау ауданында 250 мыңнан астам қызғалдақ өсіп тұр.

Жалпы қала бойынша сары, қызыл, көк, күлгін түсті қызғалдақтардың 1 млн данасы айналма жолдар мен орталық көшелерге, саябақтар мен гүлзарларға отырғызылған.

«Шымкент қаласының символына айналған түрлі-түсті қызғалдақтар үшінші мегаполисті одан сайын ажарландыра түсті. Көздің жауын алатын әсем гүлдер күз мезгілінде егілген болатын. Ал, жазға қарай олардың орнына біржылдық гүлдер отырғызылады. Жаздық гүлдер де саябақтар мен қала көшелерінің көркіне көрік қосатыны сөзсіз» - дейді әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев.


Соңғы жаңалықтар