«Шымкент-кашемир» тоқыма өнімдерін шығаратын фабрикасы іске қосылды

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде онлайн режиміндегі телекөпір арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Шымкент-кашемир» тоқыма өнімдерін шығааатын фабриканы іске қосты.

«Индустрияландыру шеңберінде биылғы жылы облысымызда 2 мың жаңа жұмыс орнын қамтитын 28 жоба іске асырылды. Бүгін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «Шымкент-кошемир» тоқыма өнімдерін шығаратын кәсіпорынның тұсауын кескелі отырмыз. Бұл кәсіпорын өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға, соның ішінде қой жүнін тиімді өңдеуге өз үлесін қосатын болады. Өндірісті іске қосуға рұқсат етіңіз», - деді облыс әкімі А. Мырзахметов.

Өз кезегінде Елбасы алдымен оңтүстікқазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесімен құттықтады. «Облыста жасалып жатқан қыруар жұмыстарға қанықпыз. Жаңа зауыт аса қажетті. Оңтүстікте мата, тоқыма өнімдері мәселесінің қолға алынғаны қуантады. Бұны арттыра беруіміз керек», - деген Елбасы Н. Назарбаев нысанды іске қосуға рұқсат берді.

Соңғы жаңалықтар