Шымкент қаласының шетінде жаңа теміржол вокзалы салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының шетінде жаңа теміржол вокзалы салынатынын мәлім етті. Әкімнің айтуынша бұл мақсатта қазір тендер өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл теміржол вокзалын «ҚТЖ»-дан қабылдап алдық. Десе де бұл вокзал халқының саны өсіп бара жатқан Шымкентке лайық емес. Сол үшін ҚТЖ-да арнайы жобалық-сметалық құжат жасалды. Оның күрделі жөндеуі мен көркеюуіне 6,2 млрд теңге қажет. Біз қазір жоспар құрып отырмыз. Қала жоспары бойынша шаһардың солтүстік бағытына заманға сай жаңа теміржол вокзалы салынуы керек. Сөйтіп, теміржолды қаладан шығарып, Бозарық елдімекені жағынан жаңа нысан бой көтеруі тиіс», - деді Мұрат Әйтенов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Шымкент қаласының әкімі бұл мақсатта қазір тендер өткізіліп жатыр.

«Тендер аяқталып, жеңімпаз айқындалуы керек. Егер жаңа теміржол вокзалы салынса, қазіргі вокзалға тек жөндеу жүргізіп, оны өзінің талаптарына сай келтіреміз. Сондықтан қазіргі вокзалға күрделі жөндеу жүргізудің орнына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Алдағы жарты жылда нақты шешім қабылданады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар