+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Шымкент қаласының шаруалары биыл өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттаған

2020 жылғы 25 тамыз 11:42
Бөлісіңіз:
Шымкент қаласының шаруалары биыл өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттаған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының шаруалары жыл басынан бері құны 73,6 млн АҚШ доллары болатын ауыл шаруашылық өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттаған.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қай кәсіпорын басшылары ең жоғары жалақы алады Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында алғаш рет рапс дақылы егілуде Қызылордада 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары жүзеге асырылуда

Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы экспортының артқанын көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының мәліметінше, өткен жылы 65,5 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері шетел нарығына шығарылған. Шымкенттен шыққан өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Ауғаныстан, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытайға жөнелтілген.

Атап айтқанда, 72,3 тонна – ірі қара еті, 12,7 тонна – қой еті, 10,1 тонна – бал, 19,5 тонна – өңделген балық сыртқы нарыққа шығарылған. Сондай-ақ, картоптың – 25,2 мың, пияздың – 45,3, қырыққабаттың – 20, көкөністің – 558, жеміс-жидектің – 406,5 тоннасы жоғарыда аталған елдерге сатылды. Бұған қоса, 78,2 мың тонна – бидай, 4,5 мың тонна – арпа, 390 тонна – дәнді дақылдар, 6,1 мың тонна –майлы дақылдар, 110,6 мың тонна – ұн, 19,2 мың тонна – өсімдік майы, 986,1 тонна – макарон өнімдері және 74,5 тонна нан-кондитер өнімдері экспортталған.

Айта кетейік, шым шаһарда алғашқы жартыжылдықтағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 14.7 млрд теңгені құраған болатын. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға жоғарылағанын көрсетеді. Ауыл шаруашығы өнімі көлемінің өсу қарқыны бойынша үшінші мегаполис республика бойынша бірінші орында тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT