Шымкент қаласының бас сәулетшісі өрескел заң бұзушылықтарға жол бергені үшін жұмысынан кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қаланың бас сәулетшісі жұмыстан жанжалмен шығып кетті.

Шенеуніктің жұмыстан шығуына ОҚО прокуратурасы өткізген тексеріс себеп болған.

«Тексеріс екі ай жүргізілді. Өрескел бұзушылықтар анықталды. Тексеріс кезінде сәулетші жұмыстан шығып кетті. Қазіргі кезде барлық құжаттар Нұрлан Архабаевтың алдағы тағдырын шешу үшін мемлекеттік қызмет істері бойынша департаментіне жіберілді», - деп баяндады облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Батыр Ергешов. Тексерісті ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сұрауы бойынша өткізе бастады. «Кәсіпкерлерден Шымкент сәулет және қалақұрылысы бөлімінің жұмысына байланысты көптеген шағымдар келіп түсті. Тексеріс соңында сорақы заң бұзушылық фактілері анықталды», - деп хабарлады Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен. Прокуратураның мәліметтерінше, Шымкент қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі шатырының астында коммерциялық құрылымдардың желісі орын тепті. Бөлім қызметкерлері өздеріне мемлекеттік қызметке келген адамдардың барлығын сонда жіберген. Жеке және заңды тұлғалар ол жерден кейіннен анықталғандай, заң бойынша мүлдем керек емес қағаздарды сатып алып отырған. Мысалы, ол жерде сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы 12 мың теңгеге сатылған. Тексерушілерді сәулет бөлімінде «міндетті» қосымша құжаттардың тізімі аталған стендтің орнатылғаны да ашуландырды. Осылайша, сәулетті-жоспарлау тапсырмасын алу үшін бизнесмен қызыл жолақтары мен шекаралары көрсетілген анықталған көлемдегі топографиялық түсірілімді ұсынуы тиіс болды. Бұл жерде іс жүзінде құрылыс нысандарын жобалау үшін материалдарды рәсімдеу және беру ережелерімен қарастырылмаған басқа да көптеген қағаздарды ұсыну керек болды. Бұл құжаттарды алу үшін шенеуніктер келген адамдарды жеке кәсіпкерлерге жіберген. Қосымша құжаттарға бармай, бірден олардың толық пакетін әкелген азаматтарды сәулет бөлімінде қабылдамаған. Прокуратура мұндай жағдайға тап болған 100 адамды тапты. Кәсіпкерлер палатасында сәулет бөлімінде нысандарды жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмалары мен техникалық ережелерді беру туралы өтініштердің сегізкүндік мерзімін елемегендігін айтты. Оған қоса прокурорлар осы жылдың шілде айында бөлім басшысы және қала әкімінің орынбасары қол қойған, бірақ авторларына жіберілмеген азаматтардың 64 өтінішін анықтады. Сәулет бөлімінде бұл жағдайды ол үшін конверттер мен маркалардың жоқ болғанымен түсіндірді. Прокурорлар қосымша қызметтерді көрсеткен жекеменшік фирмалардың бөлмелерді жалға алғаны үшін ақша төлемегенін анықтады. Бұдан басқа, фирмалардың бірінің иесі Шымкенттің бас сәулетшісінің жұбайы екені белгілі болды. Прокуратура бөлімнің азаматтарға сәулет-жоспарлау тапсырмаларын бермеген заңсыз әрекеттері үшін 101 жеке және заңды тұлғаның құқықтарын қалпына келтіру туралы наразылығын шығарды. Бұдан басқа, барлық жекеменшік кеңселер сәулет бөлімінің ғимаратына шығарылып, оның басшысы қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар