Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес:

- «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда, ашық ауада да, жабық үй - жайларда, оның ішінде үйде де отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), көпшілік іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынды;

- 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруіне шектеу қойылды;

- қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жүргенде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ, ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы қажет.

- адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында қарбалас сәтте желіде көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) саны көбейтілсін, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылуы қажет.

- Халыққа қызмет көрсету үшін көзделмеген үй-жайларда жалғыз болған қызметкерлерді қоспағанда, бетпердені пайдалану талаптары қатаң сақталуы керек.

- Өнеркәсіп, коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі, АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері, құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда), ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, байланыссыз қызметтердің жұмысы қалыпты режимде жүргізіледі.

- Сондай-ақ, медициналық ұйымдар, дәріханалар, музейлер, кітапханалар, сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орындар (алдын ала жазылумен), ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелерде де қалыпты режим сақталады. Ал, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) «Ashyq» жобасына қатыспайтын болса, қызметіне тыйым салынады.

Орта білім беру ұйымдарында - 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптар) қалыпты режимде сабаққа барса, 600 оқушыға дейінгіні мектептерді қоса алғанда қалыпты режимде жұмыс істейді. Ал, 600 оқушыдан жоғары мектептер жобалық қуатының 50% - нан аспайтын жүктемемен қалыпты режимде жұмыс істейді.

Жоғары оқу орындары мен колледждерде практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар және өндірістік практика - икемді кесте бойынша қалыпты режимде, дәрістер онлайн өтіледі.

«Жасыл» қауіпсіз мәртебе бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде салтанатты, отбасылық, еске алу іс-шараларды (банкеттер, еске алу) өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар мен көрмелер, марафондар өткізу шектеусіз жүзеге асырылады.


Соңғы жаңалықтар