Шымкент қаласының әкімі сайлауда дауыс берді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сайлауда өз таңдауын жасады. А. Пушкин атындағы N1 мектеп-гимназиясындағы 92 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген қала басшысы бүгінгі күнгі саяси оқиғаның маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл саяси іс-шара - еліміз үшін өте маңызды. Ең бірінші болып, әріптестеріммен бірге келіп дауыс беруді ұйғардым. Бұл - болашағымды таңдау», - деді Ғабидолла Әбдірахымов.null

Айта кетейік, бүгін миллионнан аса тұрғыны бар мегаполист бойынша 260 сайлау учаскесі ашылып, оларда сайлау комиссияларының 2931 мүшесі жұмыс істеуде. 568 мың 794 адам дауыс беру құқығына ие болған. Қала тұрғындарының сайлау учаскелеріне ешбір кедергісіз жетуі үшін қоғамдық көліктер тегін тасымалдауда. Ал, сайлау учаскелерінде шетелдерден және халықаралық ұйымдардан келген байқаушылар келіп, бақылауда.null

«Шымкенттегі сайлау учаскелерінде ТМД елдерінен -17, Түркі қауымдастығынан - 2, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан -1, БҰҰ-нан - 2 ұзақ мерзімді және 12 қысқа мерзімді, Америкадан -1 байқаушы қатысуда. Қалған байқаушылар қала тұрғындарынан құралған. Сайлауда дауыс беру таңғы сағат жетіден басталды. Әзірге ешқандай тәртіп бұзушылық әрекеттер тіркелмеді» , - дейді Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Дауылбаев.

null

Соңғы жаңалықтар