Шымкент қаласының әкімі қай екпемен ревакцинация жасады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясына қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін салдырды. Шаһар басшысы №3 қалалық емханаға барып, отандық QazVac екпесін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұрат Әйтенов екпеден кейін 30 минут медициналық бақылауда болып, жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

«Бүгінге дейін қалада коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 589 843 адам салдырған. Екпенің II компонентін алғандар саны – 560 218 адамға жетті. 12002 азамат ревакцинацияланды. Бүгін өзім де ревакцинация жасадым. Осы вакцинация арқасында Шымкент үш ай бойы «жасыл аймақ» статусында. Тұрғындарды қайта екпе салдырып, инфекцияның ықтимал толқындарынан сақтануға шақырамын. Бұл өз және жақынымыздың саулығы үшін жасалатын өте маңызды қадамдардың бірі», - деді қала әкімі.

Үшінші мегаполисте екпені қайта алғандардың басым бөлігі медицина мамандары мен мұғалімдер болып отыр.

Медицина мамандарының айтуынша, ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта қалпына келтіреді.

Инфекциядан қорғану жүйесін арттырады.

Сол себепті үшінші кезең бойынша екпе алатындарға бір ғана дозадан вакцина салынады.


Соңғы жаңалықтар