Шымкент қаласының әкімдігі жұртшылықты қатты аязда мейірімділік танытуға шақырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімдігі жұртшылықты қатты аязда мейірімділік танытуға шақырды. Бұл туралы әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті шымкенттіктер! Метеорологтар 26-29 аралығында үскірік аяздың оңтүстікке қарай ойысатынын ескертеді. Осыған байланысты қалалық әкімдік аязда шымкенттіктердің бір-біріне жылулық танытып, көшеде тоңып тұрған егде жастағы азаматтар мен балалардың, жалпы қала тұрғындарының жанынан елеусіз өтпейтініне сенім білдіреді. Аудан және қалалық әкімдікте коммуналды қызметке қатысты мәселелер бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды», делінген хабарламада.
null 

Шаһар басшылығы сондай-ақ аязға дайындық жұмыстарын бастап кеткенін атап өтті. Барлық қызметтерге ауа-райының күрт қиындайтыны жөнінде хабарлама таратылғаны және төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмысқа көшкендігі мәлім болды.
null 

Естеріңізге сала кетейік, синоптиктер қаңтар айының 26-29 аралығында оңтүстік өңірде -25 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен еді.

Соңғы жаңалықтар