Шымкент қаласының әкімдігі басқа ғимаратқа көшті

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімдігі бұрынғы облыс әкімдігінің ғимаратына көшті. Шенеуніктер өткен төрт күндік демалысты пайдаланып, көшу шараларын жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдік қызметкерлері тіпті ғимараттың  кіре берісіндегі «Түркістан облысының әкімдігі» деген жазуды «Шымкент қаласының әкімдігі» деп алмастырып та қойды. Енді әкімдік қызметкерлерін тұрғындар қаланың «Нұрсәт» шағын ауданындағы әкімшілік іскерлік орталығынан таба алады.

Еске салайық, Елбасының Жарлығына сәйкес Түркістан облысының орталығы Түркістан шаһарына ауысқан соң, облыс әкімдігінің қызметкерлері 15 тамыздан бастап сонда көшкен болатын. 

Соңғы жаңалықтар