+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті бекітілді

2019 жылғы 11 желтоқсан 18:17
Бөлісіңіз:
Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті бекітілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті бекітілді. Бүгін қалалық мәслихат депутаттары биылғы жылдың соңғы сессиясында үшжылдық қала бюджеті мен Шымкент қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын нақтылап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аудандық, қалалық білім басқармаларының басшылары жаңа тәртіппен тағайындалады - БҒМ Шағын кәсіпкерлік салығы жергілікті бюджетке түседі 2019 жылы елорда бюджетіне шетелдіктерден 1,9 млрд теңге кіріс кірді

Кезекті 58 сессияның күн тәртібінде қаралған 20 мәселенің барлығы да өзекті болды. Сессия барысында сөз алған қала әкімі Ерлан Айтаханов республикалық трансферт бюджеті 3 есеге ұлғайғанын айтып, қаржының басым көпшілігі шалғай орналасқан елді мекендердің проблемалық мәселелерін шешуге бағытталатынын атап өтті. Сонымен қатар, шаһар басшысы аталған қаржының қай салаға жұмсалатынын түсіндірді.

«Қаладағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында үшжылдық жоспар әзірленіп, оны жүзеге асыру үшін қаржылық негіздемелер бойынша ҚР Үкіметімен жұмыс жүргізілді. Осының нәтижесінде республикадан бөлінетін қаржы көлемі 3 есеге артып, жалпы бюджет 342 850 млн теңгеге жетіп отыр. Бұл биылғы жылдың бюджетінен 100 млрд теңгеге артық. Яғни, мемлекет қазынасынан бөлінетін қаржы экономикалық дамуға серпін беретін денсаулық сақтау, білім және тұрғын үй, ауыз су, инфрақұрылыммен қамту салаларына бағытталмақ»,- деді Ерлан Айтаханов.

Мәселен, білім беру саласына 127 222 млн теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 48 пайызға артық. Аталған қаржыға 2020 жылы 7020 орындық 12 мектептің құрылысы жүргізілсе, 11 мектеп пен балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар, қалада жаңадан «Оқушылар» сарайы салынса, 134 мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болады.

Ал, денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 2,2 есеге ұлғайып, 11 419,0 млн теңгені құрап отыр. Жыл соңына дейін медицина ұйымдары толығымен компьютермен жабдықталып, келер жылы 32 денсаулық сақтау мекемесі құрал-жабдықтармен қамтылмақ. №2 қалалық аурухана, №2 перзентхана және «Ана мен бала» орталығының ғимараттары күрделі жөндеуден өтпек. Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 100 жедел жәрдем автокөлігі алынып, автоматтандырылған Колл-орталық іске қосылатын болады.

Сондай-ақ, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында бюджеттен 3 773 млн теңге қаралып отыр. Осының нәтижесінде алдағы үш жылда қала халқын ауыз сумен қамту деңгейі 93 пайыздан 99 пайызға жетеді. Қала бюджетінің тағы бір бөлігі абаттандыру және тазалық жұмыстарына бағытталған. 2020 жылы 4 саябақ салынып, қалаға кіре беріс жолдардың бойы абаттандырылады.

Сессия соңында Ерлан Айтаханов халық қалаулыларын Қазақстан мәслихатының 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, депутаттарға мерекелік медаль табыс етті. «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалімен қала әкімі де марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Бюджет, Қаржы, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT