Шымкент қаласында үшем дүниеге келді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында үшем дүниеге келді. 27 жастағы бақытты ана Гауһар Нарметова қыз балаларды дүниеге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей , бұл, жыл басынан бері Шымкентте дүниеге келген алтыншы үшем.

«Лейла, Лейсан және Луиза есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Жас ана қарашаның 25-сі күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен туды. Операцияны Перинаталды орталықтың білікті акушер-гинекологы Сауле Дүйсенбаева жасады. Нәрестелердің туғандағы салмақтары 1490-2490 грамм болды», - деді басқармадан.

Босанған әйел мен үшем 20 күн бойы қалалық Перинаталды орталықта дәрігерлердің бақылауында болған. Денсаулық жағдайлары жақсарған соң, олар кеше үйлеріне шығарылды.


Соңғы жаңалықтар