Шымкент қаласында салық түсімі артқан

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов журналистерге әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш пен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баяндап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалымжан Ильясовтың айтуынша, Еңбекші ауданында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, шағын және орта кәсіпкерлік саласы және жеке инвестиция негізінде «Оңтүстік» индустриалдық және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтарында 2 өндірістік кәсіпорын ашылған.

Бүгінде барлығы 80-нен астам жаңа жұмыс орны іске қосылған. Сондай-ақ, ҚР «Жарнама туралы» Заңына сәйкес рейд ұйымдастырылып, заңсыз жарнамалар жойылған. Ал, аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғайып жатыр. Атап айтсақ, жергілікті бюджетке 2019 жылдың 10 айында 39,9 млрд теңге жиналып, өткен жылдағы есептік кезеңмен салыстырғанда 29 %-ға артқаны анықталған.

Сонымен қатар, аудан әкімі тұрғын үйлер мен мекемелерді жылумен қамтамасыз ету мәселесін де қамтыды. Аудандағы 528 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген болса, көгілдір отынмен әлі де қамтылмаған 1632 тұрғын үй бар. Қазіргі таңда 1632 үйдің 1256-сына 3941 тонна көмір жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар