+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шымкент қаласында карантин мерзімі ұзартылды

2021 жылғы 26 қазан 17:28
Бөлісіңіз:
Шымкент қаласында карантин мерзімі ұзартылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Замбияда алғаш рет коронавирустың омикрон штамы анықталды «Омикрон» штамы Оңтүстік Африкада коронавирустың төртінші толқынын тудырды АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штаммы анықталды

«Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары ұзартылсын», -делінген бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында.

Қаулыға сәйкес, жұртшылық көп шоғырланатын іс-шаралардың өтуіне тыйым салынған. Оның қатарында туған күн, мерейтойлар, той және басқа да отбасылық мерекелер бар. Дегенмен «Ashyq» жүйесіне қатысатын мекемелер жұмыс істей алады. Әрине, келушілердің мәртебесі «жасыл» болуы қажет.

Қалада 65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүріп-тұруына да шектеу қойылған.

Сонымен қатар, бас дәрігердің қаулысында қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықты сақтау, маска тағу және антисептикті қолдану керектігі айтылған.

Одан бөлек, көпшілік қоғамдық тамақтану орындарында кальян тартуға тыйым салынды.

Бұл ретте, «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс істейтін бизнес нысандары демалыс күндері түнгі сағат 03:00-ке дейін, ал аталған жүйенің белсенді қатысушылары таңғы сағат 05:00-ке дейін жұмыс істеу құқығына ие.

Сондай-ақ қаулыға сәйкес, «Ashyq» жүйесінде қызметкерлерінің «жасыл» мәртебесі бар кәсіпорындар демалыс күндері жұмыс істей алады. Алайда, мекемеге келушілердің де «жасыл» статусы болуы тиіс.

Шымкент қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысы бүгіннен бастап күшіне енеді және толығырақ қаулымен сілтеме арқылы танысуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT