Шымкент қаласында індет жұқтырған төртінші науқас Нұр-Сұлтан қаласынан келген

None
None
​ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат- Шымкент қаласында ​ 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Қаладағы 8-ші шағынауданда тұратын науқас ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 24 жастағы азамат оқшауланған.

«Науқастың жағдайы қалыпты. Қазіргі таңда қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды, олардың алтауы жақын туыстары», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде қалада коронавирус індетін жұқтырғандар саны 12 адамды құрап отыр.


Соңғы жаңалықтар