Шымкент қаласында 524 мың адам вакцина алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигіде қала халқын вакцинамен қамту шаралары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада 45 екпе нысаны бар. Бірінші компонентті 524 105 адам, екінші компонентті 423 455 адам қабылдады. Оның ішінде 15 489 медицина қызметкері, 23 004 мұғалім, 8 186 құқық қорғау органдарының қызметкері, 17 567 студент, 84 599 созылмалы ауруы бар тұлға, 375 260 басқа санаттағы азамт екпе алды.

Бүгінде тиісті контингенттің жалпы саны 536 000 адам болса, 1 компонентті 97,7%, 2 компонентті 79%-ы қабылдаған», - деді Шыңғыс Мұқан.

Сондай-ақ, ол коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша өткізілген ісшараларға тоқталды.

«2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап 28 қыркүйекке дейін 38 329 нысанда мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша 2 462 жауапты тұлғаға, оның ішінде 2324 жеке тұлғаға, 85 жеке кәсіпкерге, 15 заңды тұлғаға, 38лауазымды тұлғаға хаттама толтырылып, жалпы сомасы 152 982 630 теңгеге айыппұл салынды», - деді әкімдік өкілі.

Шыңғыс Мұқанның айтуынша, шаһарда жыл басынан бері аталмыш індеттен 1110 адам көз жұмған.

«Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 34 337 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастардың саны – 32 682. Өкінішке қарай, 1110 науқас қайтыс болды. Қазіргі таңда 1317 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 805 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Стационарда 512 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 126 жағдайы тіркелді», - деді әкімнің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар