Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жарық бағасы негізсіз көтерілген - прокуратура

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы мен Түркістан облысының прокуратуралары «Оңтүстік Жарық    Транзит» ЖШС-нің 2015-2017 жылдар аралығында  электр энергиясы тарифін қалыптастыру заңдылығына кешенді тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі субъектінің тарифтерді қалыптастыру кезінде және пайдалану барысында түрлі заңбұзушылықтарға жол бергенін көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, аталған компания 2016-2017 жылдары 15,8 млн теңге мөлшерде алдын тарифтік сметаларға қосылған әлеуметтік салық пен әлеуметтік жарналар бойынша шығындарын 5% артық орындамаған. Осылайша  6,8 млн теңге мөлшерде жұмысшылардың медициналық байқаудан өту қызметін тарифтік сметаға негізсіз қосып келіпті. Сөйтіп электр қуатына тарифті негізсіз көтерген. Сонымен бірге, тексеруде мемлекеттік сатып алу конкурстарды өткізу барысында заң талаптарының сақталмағаны және 13,3 млн теңге мөлшердегі міндетті салықтың есепке алынбауы (КТС және ҚҚС) сияқты деректер анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері қаралуымен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не 22,6 млн теңгеге компенсациялық тариф енгізілген. Сондай-ақ, заңбұзушылықтарға жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК 164-бабының 4-бөлігімен («Табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы») жауапкершілікке тартылып, 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Ал, салық органына жолданған ұсынысты қарау нәтижесінде аталған компания ҚР ӘҚБтК 278-бабының 1-тармағымен («Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету») әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінде серіктестіктің мемлекет алдындағы қарыздары толық өтелді.

 

Соңғы жаңалықтар