Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы болып Бахадыр Нарымбетов сайланды

Фото: Фото: Шымкент қалалық мәслихатының баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы болып Бахадыр Нарымбетов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Онда қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев хабарлама жасап, депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерін табыс етті. Сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың депутаттарын қала әкімі Мұрат Әйтенов құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.


Сессияда 8 мәселе қаралды. Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе бойынша Бахадыр Нарымбетов мәслихат төрағасы лауазымына ұсынылып, шешім бірауыздан қабылданды.

Екінші мәселе бойынша қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың төрағалығы лауазымдарына кандидатуралар ұсынылды. Көпшіліктің дауыс беруімен Бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына Елчиева Альбина Балғабайқызы, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағалығына Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы, Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы, Кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыру жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына Наимбекова Айжан Ізбасханқызы, Жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына Керімжанов Мерлан Абдрахманұлы, Инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына Төлегенов Ноян Назарұлы сайланды.


Мұнан бөлек, сессияда Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін уақытша жүзеге асыратын тұрақты комиссия төрағасын айқындау туралы, Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының штат құрылымы туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы №3/27-VII шешіміне өзгеріс енгізу, Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау секілді мәселелер талқыға түсті.






Соңғы жаңалықтар