Шымкент қаласы мәслихатына үш партияның өкілдері өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев қалалық мәслихатқа бөлінген мандаттар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Шымкент қаласында бір мәслихат, 30 мандат бар. Сайлауға бес партия қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша мандаттар бөлуге үш партия қатысты. Nur Otan партиясы - 24 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына - 3 мандат, «Ақ жол» демократиялық партиясы 3 мандат алды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Орталық сайлау комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына 31 мандат қамтылғаны айтылды.

Ал Алматы қаласында 39 мәслихат депутатының орнына партиялардың ішінен төртеуі кірді.


Соңғы жаңалықтар