+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкент қаласы әкімінің 2 орынбасары қызметтен кетті

2020 жылғы 29 шілде 13:28
Бөлісіңіз:
Шымкент қаласы әкімінің 2 орынбасары қызметтен кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қаласы әкімінің орынбасарлары Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметтерінен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.


Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы экономист. Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған. 1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2013-2017 ОҚО әкімінің орынбасары, кейіннен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған.

2019 жылдың тамыз айынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.


Ал, Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы. Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» жастар орталығының менеджері болып бастаған А.Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, «Nur Otan» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы – Түркістан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.

2020 жылдың ақпан айынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT