Шымкент қалалық жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы болып Балмаржан Полатқызы Нарбекова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балмаржан Полатқызы 1988 жылы дүние келген. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды құқықтану және экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы Шымкент қаласындағы «Жастар орталығы» МКҚК директордың орынбасары болудан басталған.

Кейіннен Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы, Абай ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары, ОҚО жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқармасының басшысы, Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған.


Соңғы жаңалықтар