Шымкент қалалық статистика департаментінің бас маманы алаяқтық жасады деп айыпталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен қалалық статистика департаменті персоналды басқару қызметінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінен хабарланды.

Ол Департаменттің баға статистикасы басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастырамын деп азаматтан 450 мың теңге сомасында ақшаны алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілініп отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Соңғы жаңалықтар