Шымкент қалалық сотында «Сот жүйесі мен заңнаманы реформалау негіздерін түсіндіру» тақырыбында кездесу өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық сотында «Сот жүйесі мен заңнаманы реформалау негіздерін түсіндіру» тақырыбында журналистермен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген сот шешімдерінің сапасын арттыру мәселелері сөз болды,

Қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин өз сөзінде сот актілеріне мұқят талдау жасап, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру және сот жүйесін мен заңнаманы реформалау бағыттарын баяндап өтті.

«Күніне республикалық соттармен шамамен 16 500 сот актісі шығарылады. Олардың 95 % жоғары сатыға шағымданбайды. Соттың беделін ғана емес, сот актілерінің сапасын да көтеру маңызды. Осы мақсатта ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов әрбір сот актісін егжей-тегжейлі қарапайым тілде түсіндіруді тапсырған болатын. Бұдан бөлек, елімізде судьялық лауазымға кандидаттарды іріктеуді қатаңдату нәтижесінде қазір әрбір 25 кандидаттың бірі ғана судьялыққа үміткер болуда (бұрын, әрбір төртінші). Сот жүйесінде жүргізіліп жатқан барлық реформалар заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға бағытталған» - деді алқа төрағасы.

Ал, қалалық соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судьясы Виталий Мирошников Мемлекет басшысының сот төрелігінің сапасын арттыру жөнінде жүктеген тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылғанын жеткізді.

«Мәселен, 2018 жылмен салыстырғанда фронт-кеңселер республикамыздың тек 52 сотта болған, ал 2019 жылы оладың саны 146-ға жетті. Соның ішінде биыл Әл-Фараби аудандық және қалалық сотында фронт-офистер ашылды. Жөл-көлік оқиғаларына байланысты әкімшілік істер бойынша түнгі соттар азаматтарға сақтандыру төлемін 13 күнге дейін қысқартты. 2018-2019 жылдар арасында 15 заң жобасы әзірленді.Олардың 6 қолданысқа енгізілді, ал 6 заң Парламентте қаралып жатыр»,- деді Виталий Мирошников.

Соңғы жаңалықтар