Шымкент қалалық қорғаныс істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қорғаныс істері жөніндегі департаментке жаңа басшы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бұл қызметті полковник Алмаз Тілеуханов атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмаз Тілеуханұлы Тілеуханов 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған. Алматы қаласының Жоғарғы жалпы әскери командалық училищесін және ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

1997 жылы әскери қызметін Аягөз гарнизонында бастаған. Әскери қызмет барысында А.Тілеуханов әскери бөлімдер мен әскери полиция, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Тағайындауға дейінгі атқарған соңғы лауазымы - Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы.

I, II, III-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Отбасылы, 3 ұл тәрбиелеуде.

Соңғы жаңалықтар