Шымкент хайуанаттар бағында арыстан күшіктеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент хайуанаттар бағында арыстан күшіктеді. «Эльза» атты ұрғашы арыстан өмірге екі абданды әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Әзірге бақ қызметкерлері оларды жылы жерде, анасымен бірге  ұстап отыр. Түз тағысы адам атаулыдан тек зообақтың бір қызметкерін ғана өзіне жақындатып, бағынады екен. Жыртқыштардың қазіргі салмақтары 3,5-4 келіні құрайды. Сала мамандарының сөзінше бұл қалыпты салмақ. Жағдайлары да қалыпты. Туғанына төрт күн болса да, арыстанның күшігі өзінің аң патшасы екенін көрсеткісі келеді.

null 

Айта кетейік, арыстандар 4 жастан бастап күшіктей береді екен. Ал, 10 жастағы Эльзаның бұл екінші рет күшіктеуі. Бұған дейін туған абдандары жергілікті циркке берілген.

null 

«Кішкентай жыртқыштарға қызығушылық танытып жатқандар көп.  Бірақ біз әзірге жануарлардың қайда болатыны жөнінде нақты шешім қабылдамадық. Сондай-ақ, есімдер де берген жоқпыз. Уақыт өте келе аттарын қоятын боламыз»,-дейді зообақ директорының орынбасары Зульфия Ғаниева.

null

Соңғы жаңалықтар